16
Қаңтар
2020
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
6-қараша күні Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың тапсырмасына сәйкес, мектебімізде білім бөлімінің маманы Р.В.Файнуллаеваның қатысуымен жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өтті. Іс-шара оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты үш ағымға (1-4, 5-7, 8-11 сыныптар) бөлініп өтті. «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Жиын барысында оқу орнымыздың оқушыларына дәріс оқыған Руфия Васильевна сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күресу ел саясатының негізгі басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Шара барысында «Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.






