16
Қаңтар
2020
Жас сарбаз
Мектеп лицейімізде 2019-2020 оқу жылында 5 «Д» сыныбы «Жас сарбаз» сыныбы болып ашылып, жұмыс жоспары құрылды. «Жас сарбаз» сыныбында 24 оқушының 10 қыз, 14 ұл бала. Сыныпқа өту үшін 4 сынып оқушылары төрт пәннен емтихан және дене шынықтыру нормативтерін тапсырып, психолог және дәрігерлік сараптамадан өтті. Бұл сыныпқа оқу жоспарының элективті курсынан «ІТ класс» (Робот техникасы), «Францияға саяхат», оқушы компонентінен «Қызықты математика» курсынан сағаттар бөлініп отыр. Ата-аналардың сұрауы бойынша қосымша білім беру қызметінен математика, ағылшын тілі, француз тілі және биден сабақтар өткізілуде. Жас сарбаздарымызды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Заң және біз» деген тақырыпта үйірме жұмыс жасаса, қазіргі заманның талабына сай «Робот техникасы» атты үйірмеге де қызығушылығы артып отыр.















