16
Қаңтар
2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай қаламыздың Салтанат сарайында «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» атты Семей қаласы әкімінің сыйлығын табыстауға арналған «Жыл таңдауы - 2019» атты жастар форумы өтті. Шараға қала әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов мырза қатысып жиналған жастарды келе жатқан маңызды мереке тәуелсіздік күнімен құттықтап, жастар жылының қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттады. Осы "Жыл таңдауы -2019" форумының " Жылдың жас отбасы" сыйлығына мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі Серікбай Ермек Берікқажыұлы ие болды🎉🎉🎉 Ермек Берікқажыұлына және отбасына алдағы уақытта тек қана биіктерден көрініп, үлгі тұтар отбасы болып жүре берулеріңізді тілейміз.








