24
декабрь
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен қаржылық сауаттылық тәрбиесін жетілдіру мақсатында бүгін мектебімізде 7-8 сынып оқушыларына “Қаржылық сауаттылық” ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, заңсыз қаржы айналымының алдын алу, алаяқтық түрлері туралы түсінік беру және қауіпсіз қаржы мәдениетін қалыптастыру.

