01
декабрь
2025
«Өлең – сөздің патшасы»: Мектеп-лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған тренинг өтті
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мұғалімдеріне арналған тренинг өтті. Тренинг барысында кафедра жетекшісі Толеубаева Арайлым Жандарбековна іс-тәжірибесімен бөлісті. Директордың ғылыми – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Кашимова Каршыга Капсеметовна мектеп-лицейі ұжымына, яғни ұстаздар мен оқушыларға және кіші қызметкерлерге ағымдағы оқу жылы бойы Абай Құнанбавтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттауды ұсынды. Осы бастаманы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жукенова Куралай Жумабековна өзінің сабақ беретін 6 сынып оқушыларымен орындап көрсетті. Сонымен қатар мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Әкімжанова Ғалиябану Дәлелқызы сөз алып, оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «АДАЛ АЗАМАТ: КІТАП ОҚУ» челленджін бастауды ұсынып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара қызықты әрі әсерлі өтті
Іс-шара қызықты әрі әсерлі өтті